3847

Елорданың мониторингтік топтары күндізгі уақытта «Ashyq» қосымшасы арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын тексереді

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қатысушылар шектеу шараларын бұзудың алдын алу бойынша қалалық мониторингтік топтардың жұмыс істеу алгоритмі мен эпидемиологиялық жағдайын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отырыс барысында карантиндік шаралардың сақталмауын анықтау және жолын кесу бойынша мониторингтік топтар жұмысының жаңа алгоритмі бекітілді. Айта кетейік, олардың құрамына полиция, әкімдік, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері және «Атамекен»ҰКП өкілдері кіреді.

Бақтияр Мәкен күндізгі уақытта «Ashyq» қосымшасымен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру және олардың тиісті талаптарды сақтағанын анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, ол түнгі уақытта карантин режимін қасақана бұзушыларды анықтау үшін рейдтер тұрақты жүргізілетінін атап өтті.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлағандай, күн сайын мониторинг топтары шектеу және карантин шараларын бұзудың 3-тен 20-ға дейінгі жағдайын анықтайды. Үлкен көлемді айыппұлға қарамастан кәсіпкерлік субъектілері карантин талаптарын бұзуды тоқтатар емес.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан 15 сәуіріне дейін аудандық полиция басқармаларынан барлығы 550 материал келіп түсті, жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам 226 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл ретте 35 млн теңгеден астам сомаға 127 айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді», — деп мәлім етті ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109