2400

Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық пациент COVID-19 инфекциясынан емделіп жатыр

Соңғы тәулікте елордада коронавирус жұқтырудың 600-ден астам жағдайы анықталды. Қалада инфекцияның жоғары деңгейі байқалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия отырысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгінгі таңда қалада инфекцияның жоғары деңгейі басылар емес. Бір тәулік ішінде 7 386 зерттеу жүргізілді, оның 678-і — оң нәтиже, ал оның ішінде 77-сі қайта талдау нәтижелері. 601-і — алғаш рет анықталып отыр. Симптомдары бар 422 жағдайдың 11-і алдын алу шаралары барысында анықталды. Байланыста болғандар — 132, өз өтініші бойынша — 279. Бұл шектеу және карантин шараларының бұзылуын, жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да алдын алу шараларын сақтамағанын растайды. Жұрт үй жағдайында біз көрсеткен шараларды сақтамайды», — деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Оның мәліметінше, 60 жастан асқан адамдар арасында КВИ ауруының 2-3%-ға өсуі байқалады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс күш түскенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта амбулатонг кезеңінде 4 373 науқас жатыр. Қалада күн сайын 250 бригада жұмыс істейді және ПТР алады. Стационарларда 1 112 адам — орташа және орташа ауыр жағдайда. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан адамдардың саны 100-ден асады, оның ішінде 32 адам — ИВЛ аппаратында», — деді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, қазір халық мұндай жүктемеден бейхабар. Себебі денсаулық сақтау жүйесі тыңғылықты дайындалған, ал дәріханалар мен стационарларда, бөлшек саудада дәрілік заттар қоры жеткілікті.

Бұл ретте дәрігерлер қала тұрғындарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтауға шақырады. Олар вакцинацияны қауіпті инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі деп санайды. Бұл қалыпты өмірге тезірек оралуға көмектеседі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109