2754

Елордада КВИ-ға қарсы 300 мың адам вакцина қабылдаса, аурудың өсуі тоқтайды – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қазір елордада 100-ден астам егу пункті жұмыс істейді, вакцинация таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаны 49 мың қала тұрғыны алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қала әкімдігінде өткен кеңес барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұрғындарды жаппай вакцинациялау қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам пунктте вакцинация жүргізілуде. Біз күніне 5 мыңнан астам адамды вакцинациялаймыз. Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады. Халықтың белсенділігі жаман емес, көбісі жүгініп жатыр. Біз сондай-ақ ұйымдастырылған ұжымдарға көшпелі бригадамен барып, сол жерде вакцинациялай аламыз», — деді Т.Мұратов.

Ол сондай-ақ емханалардан басқа халықты вакцинациялау «Mega Silk Way»СОО-да жүргізіліп жатқанын қозғап өтті. Жақын арада мұндай пункттер «Хан Шатыр», «Керуен» СОО-ларында ашылады.

«Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаны 130 мың тұрғынға саламыз, бұл — ең осал контингент. Осылайша, бізде қыстыгүні тұмау эпидемиясы болмайды. Бұл жағдайды бақылауда ұстаймыз. Егер қазір коронавирусқа қарсы 300 мың вакцина салсақ, ауру деңгейі төмендер еді. Ал 600 мың қала тұрғыны вакцинацияланған кезде жұқтыру қаупі болмайды», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Отырыс соңында Бақтияр Мәкен мүдделі мемлекеттік органдардың бәріне халық арасында, оның ішінде ірі, ұйымдасқан ұжымдарда КВИ-ға қарсы жаппай вакцинациялау бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109