2642

Алтай Көлгінов бизнесмендер мен топ-менеджерлерді игі істер жасауға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қасиетті Рамазан айында азық-түлік жиынтығы төрт мың мұқтаж отбасыға таратылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әлеуметтік акцияларды іске асыруда тұрақтылыққа назар аударамыз. Қасиетті Рамазан айын игі істерге және қайырымдылық акцияларын өткізуге арнаймыз! Төрт мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратамыз.

Тізімді қалыптастыруға қалалық және республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов те көмектеседі. Ораза ұстап жатқан жандар үшін "Рамазан Box's" жасалады. Әлеуметтік көмекті барлық ұлттарға көрсетеміз.

Бизнесмендерімізді, ірі кәсіпорындардың басшыларын және топ-менеджерлерді қайырымдылық акцияларына қатысуға шақырамын! Құранда айтылғандай, бір-бірімізге ізгі істер мен жақсылық жасап жарысайық!

"Қайырымды істер" марафоны аясында наурыз айында 4 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығын тараттық. Азық-түлік жиынтықтарын таратуда еріктілер мен қала тұрғындары көмек көрсетеді. Олармен әрдайым бірлесе жұмыс істейміз. Пандемия барысында да дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды тасымалдау, зейнеткерлердің аулаларын қардан тазарту, ағаш отырғызу және т. б. жұмыстар атқардық.

Қасиетті Рамазан айы – бірлік, рухани тазару, төзімділік және өзара көмек айы! Ораза пандемияға байланысты белгілі бір шектеулерде өтіп жатыр. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін ауызашарды адам жинап өткізуге тыйым салынады. Бірлігімізді көрсетіп, жағдайдың маңыздылығын түсіну керек!» — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109