2380

COVID-19 екпесі: Нұр-Сұлтанда жаппай вакцинация қарқын алып келеді

Елордада сәуір айынан бастап қала тұрғындарын ғана емес еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтарды да жаппай вакцинациялау басталды. Сәуір айының басынан бастап шамамен 47 мың адам вакцинацияланды. Сондай-ақ, вакцинацияға тұрғылықты жері бар, жұмыс істейтін және ҚР аумағында тұратын шетелдіктер де жіберілді.

Ел тұрғындарын вакцинациялауды кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін артты. ЖМСК ұйымдары үшін жұмыс уақыты 8:00-ден 24:00-ге дейін, СОО-ларда 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзарды. Сондай-ақ, қаланың екі ірі «Mega Silk Way»және «Хан Шатыр» СОО-ларында егу орындары ұйымдастырылды.

Мысалы, бір аптада «Mega Silk Way» СОО-да 1700-ден астам адам вакцинацияланды.

Екінші сауда-ойын-сауық орталығы — «Хан Шатырда» азаматтарды жаппай вакцинациялау бүгін (19 сәуір) басталды. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» СОО мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде де ашылады. Қажет болған жағдайда вакцинация пункттерін қаланың қонақ үйлерінде де ашу жоспарда бар.

Халықтың COVID-19-ға қарсы вакцина алу белсенділігінің жоғары болуына байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялауға кірісті. Түрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.

Қала бойынша барлығы 60 мыңға жуық адам вакцинацияланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109