1985

Елорданың кәсіпкерлік субъектілері карантин талаптарын бұзғаны үшін 35 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын бұзғаны үшін 40 млн теңгеден астам сомаға 200-ден аса айыппұл салынды. Бұл — осы жылдың басынан 16 сәуірге дейінгі аралау барысында қолданылған шара. Мұндай жазаға қарамастан біраз мекеме жұртшылыққа қауіп төндіріп, карантин шараларын бұзуды әлі де жалғастырып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың мониторингтік топтары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып келеді.

Осы жылдың 18 сәуірінде кешкі аралау барысында Есіл ауданындағы «Chechil Pub» барының жұмыс тәртібін бұзғаны анықталды. Сонымен қатар, тыйым салынғанына қарамастан келушілерге кальян қызметі де көрсетілген.

Сол сияқты Сарыарқа ауданындағы «Панаехали», «Базилик» кафелері, «Карима» дәмді палау орталығы, Алматы ауданындағы «Lotomatic» кафесі, Байқоңыр ауданындағы «Мангал» кафесі және «12 ай» құрылыс дүкені белгіленген жұмыс режимін бұзды.

Аталмыш нысандардың бәріне карантин режимін бұзғаны үшін шұғыл хабарламалар жасалды. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 16 сәуіріне дейін аудандық полиция басқармаларынан бас-аяғы 550 материал келіп түсті, оның ішінде 40 млн теңгеден сомасына 200-ден аса әкімшілік айыппұл қаралып, салынды. Ал 35 млн теңгеден аса сомаға 130-ға жуық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді.

Мониторингтік топтар күн сайын 200-ден астам кәсіпкерлік объектілерін аралауды жүзеге асырады. Карантиндік шектеу шаралары сақталмайтын 5-тен 20-ға дейінгі нысан анықталады.

«Қазіргі уақытта мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауы үшін жүргізіп жатқан шараларына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жүйелі бұзып келеді. Бұл өз кезегінде тыйымдарды бұзғаны үшін жаза қолданылмайды, Қазақстан Республикасы заңнамаларын аттап өтуге болады деген ойды меңзейді. Ал шынтуайтында коронавирус инфекциясының белең алуына алып келді», — деп атап өтті елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109