2317

Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды. Биыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.

Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыру

Ауқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.

Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер

10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.

Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.

Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.

Үшінші. Ағаш отырғызу

Экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.

Төртінші. Жол жұмыстары

Қалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109