2350

Елордада коронавирус жұқтырғандар күніне 350-ден 650-ге дейін тіркеледі

Бір айдан астам уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақта тұр. Соңғы аптада қалада коронавирус ауруы өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті. Эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, қала бір айдан астам уақыт бойы «қызыл аймақта» тұр. Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 17%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 326,2 құрады», — деп хабарлады С.Бейсенова.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қала бойынша коронавируспен ауыратындардың саны 21 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 40 169 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні орташа есеппен тәулігіне 6500 зерттеу жүргізіледі.

Осы жылдың сәуір айындағы COVID-19 сырқаттанушылық көрсеткіші наурыз айындағы сырқаттанушылық деңгейінен 50%-ға, қаңтар-ақпан айларында 37,8%-ға асады.

«Коронавирус инфекциясын тіркеуді жалғасуының негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отыр. Нақтырақ айтқанда адам көп жиналатын орындарға бару, бетперде тақпау, сондай-ақ негізгі себептердің бірі амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауы болып саналады. Тыйым салынғанға қарамастан кісілер үй карантинін бұзуда. Бұл олардың Ashyq жобасына қатысушылардың нысандарына баруымен расталады, ол бойынша сәуір айында ғана үй карантинін бұзушылардың   200-ге жуығы, оның ішінде 89 науқас және 100 байланыста болған адам анықталды», — деп түсіндірді елорданың бас санитарлық дәрігері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109