1866

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті цифрландыруда «Адалдық алаңының» қызметі талқыланды

Елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті цифрландыру бойынша «адалдық алаңының» қызметі талқыланды. Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен және қалалық басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың төрағасы Шавкат Исмайылов, "Astana-Adaldyq Alany" жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Бақдәулет Жанділдаев қатысты.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, елордада барлық мемлекеттік мекемелер қызмет көрсетуді толығымен цифрландырған.

«Қала қауіпсіздігі, білім беру, медицина және ТКШ салалары бойынша цифрландыру жұмыстары нәтижелі жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғындарға 159 қызмет түрі электрондық форматта көрсетіледі. Менің ойымша, жасалып жатқан жұмыстар халық үшін қолайлы. Бұған дейін азаматтар мекемеге қоңырау шалып, құжатын тасып жүрсе, енді барлығы компьютердің көмегімен тез бітеді. Елордалық мектептер 100% компьютермен жабдықталған. Мектеп асханалары да төлемді электронды қабылдайтын болады. Денсаулық сақтау саласында электрондық паспорт жасалды. Деректерді уақытында цифрландырғанымыз вакцинация процесін едәуір жеңілдетті. Егер адам басқа аймақтан келсе, төлқұжаты арқылы да оның медициналық тарихын дәрігерлер көре алады», — деді ол.

Осы жылдың бірінші тоқсанында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханаларға мониторинг жүргізген болатын.

«Карантин енгізілгеннен бері қалалық мәслихат депутаттары бірнеше рет қоғамдық нысандарға тексеру жүргізді. Ауа райының жылуына байланысты жобалық кеңсеге тұрғындардан арыз-шағым жиілеп түсті. Соған орай арнайы мониторинг жүргізіп, жауапты органдарға сұраныс жібердік. Жол сапасына баса назар аударып отырмыз. Онлайн форматта мектеп оқушыларына «Адалдық алаңы» тәрбие сағаттарын өткізуді де қолға алдық. Жақында «Astana adaldyq alany» жобасы мен елордалық мәслихат арасында меморандумға қол қойдық. Меморандум аясында сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесе қызмет жасамақпыз», — деді «Astana adaldyq alany» жобасының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев.

Қала әкімінің орынбасары басқарма басшыларына отырыста талқыланған маңызды мәселелерді өзге де қызметкерлерге жеткізуді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109