2376

Нұр-Сұлтанда ит пен мысық ұстау ережелерін бұзған 300-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Осы жылдың 14-20 сәуір аралығында елордада ит пен мысық асырау ережелерін бұзғаны үшін 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда табиғатты қорғау полициясы ДП ЖПҚ Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданында иттер мен мысықтарды серуендету және ұстау ережелерін түсіндіру сұхбатын өткізді.

Оларға түрлі жадынамалар мен буклеттер табыс етілді. Ал тиісті ережелері бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.

Қағидаларды бұзғаны үшін (иттерді байлаусыз ұстағаны себепті) осы жылдың 14-20 сәуірі аралығында 17 жеке тұлға, 2021 жылдың басынан бастап барлығы 296 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қағиданың 35-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді қала аумағында еркін серуендетуге тыйым салынады; иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді тұмылдырықта тек қана алаңдарда немесе иттерге арналған үйрету орындарында еркін серуендетуіне рұқсат беріледі.

Иелері кез келген тұқымды иттерін (иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін ит тұқымдарын қоспағанда) тыйым салу белгісі орнатылмаған орындарда тұмылдырықсыз, алайда тізгінде серуендетуі тиіс. Бұл ретте жануардың иесі өзімен бірге тұмылдырықты алып жүруі міндетті, ол қажет болған кезде дереу итке тағылуы тиіс. Сондай-ақ айналасындағыларға кедергі келтірмей, өзімен бірге экскременттер жиынтығын алып жүруі тиіс.

Айта кету керек, иттің тұмылдырығы уақтылы тағылуына және тізгінінің ұзындығына оның иесі жауап береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109