2632

«Әрең дем алады»: Нұр-Сұлтан дәрігерлері КВИ жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты

Шәкизада Жүсіпова жақында ковидтік стационар ретінде қайта бейінделген №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында аға медбике болып жұмыс істейді. Бұл аурухана қазір балаларды қабылдамайды, бірақ «жедел жәрдем» қызметі КВИ жұқтырған ауыр және өте ауыр науқастарды жиі жеткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жұрт індеттен құтылдық деп ойлайды. Бірақ толық құтылған жоқпыз. Күн сайын пациенттердің жағдайы қаншалықты ауыр екенін, олардың қиналып жатқанын көреміз. ИВЛ аппаратымен әрең дем алып жатқанын көрудің өзі ауыр. Халыққа енді қалай түсіндіру керек екенін білмейміз. Күнделікті көргенімізді жұртқа жеткізу оңай емес», - дейді медбике мұңдана.

Бұл ауруханада КВИ-мен ауыратын 270 адам ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөлімдеріне жағдайы өте мүшкіл науқастар жатқызылады.

«Пациенттердің ауырғанын жан-тәнімізбен сезінеміз. Себебі ең алдымен, өзгелердің сауығып кетуін тілейтін адамбыз. Дәрігерлердің басты мақсаты – пациентті аяққа тұрғызып, отбасына сау күйде оралуына жәрдем ету. Ауруханадан емделіп шыққанда олардың жүздеріндегі қуанышқа қаншалықты қуана қарайтынымызды білесіз бе?!» - дейді Шәкизада Жүсіпова.

Бірақ, медбикенің айтуынша, бұл қуаныш ұзаққа созылмайды. Себебі емделіп шыққан адамның орнына өзге науқас жатқызылады.

«Егер әрбір адам медицина қызметкерлерінің жұмысын көрсе, жағдайдан хабардар болар еді. Мәселе мынада, жұрт дәрігерлердің айтқанын құлағына ілмейді, қарапайым ғана алдын алу талаптарын орындамайды. Санитарлық нормаларды сақтаса пациент өзін де, өзгелерді де қорғар еді», - дейді ол.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 1 255 пациент КВИ ауруханаларында жатыр. Оның ішінде 104 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл реанимациялық төсек жүктемесінің 53%-ын құрайды. ИВЛ аппараттарында 24 адам өз өмірімен күресуде. Елордада коронавирусты науқастарды емдеуге 15 стационар жұмылдырылды.

Науқастар арасында 60 жастан асқан жас санаты басым (77%) – 80 пациент.

Айта кету керек, ауыр жағдайдағы науқастардың арасында 104 адамның бірнеше ауруы бар. Пациенттердің 70%-ы емдеуге жатқызылғаннан кейін үш тәулік ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды.

Жағдайды тұрақтандыру және COVID-19-ды жеңу үшін қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинация пункттерінің саны үш есеге артып, 100-ге дейін жетті. АМСК ұйымдарында егу пункттерінің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, вакцинация пункттері «Mega Silk Way», «Khan Shatyr» СОО-да ашылған. Жақын арада олар «Keruen», «Abu-Dabi Plaza» СОО-да ашылады. Ал жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109