2247

ПИК-тен МИБ-ке өту. Елордада қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Нұр-Сұлтанда ПИК-тен МИБ-ке (мүлік иелерінің бірлестігі) көшу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда елордада 260-тан астам МИБ құрылды. Орталықтандырылған кеңес беру және МИБ нысанына көшу үшін әкімдік "iQamal" қауымдастығына бірыңғай алаң – Iqamal орталығын құрды.

- МИБ не үшін қажет?

Елорда әкімдігі жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй салу, үлескерлердің проблемаларын шешу және ұзақ құрылыстарды аяқтау, авариялық ескі тұрғын үйлерді бұзу және ол жердегі отбасыларды көшіру, КТК жөндеу және т.б. бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Өйткені, бұл үйге күтім жасау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және үйдің ұзақ «өмір сүруін» қамтамасыз етеді. Осылайша, құрылған МИБ-тер үйлерді күтіп-ұстап, олардың жай-күйін қамтамасыз етеді және жауап береді.

- МИБ-тің артықшылығы неде?

МИБ құру үй тұрғындарына төрағаны, үй кеңесін және тексеру комиссиясын өздері таңдауына мүмкіндік береді. Басты артықшылығы — тұрғындар ақшаны бақылай алады. Мысалы, тұрғын үй кешенін дамыту, жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру және т.б. туралы шешім қабылдау.

- МИБ-терді қалай құруға болады?

ПИК-тен МИБ-ке өту бойынша қажетті ақпаратты, Iqamal өзін-өзі реттейтін ұйым, http://iqamal.kz/) МИБ орталығынан алуға болады.

«МИБ құрудың артықшылықтарының бірі — ол тек пәтер иелерін ғана емес, сонымен қатар басқа меншік иелерін де біріктіреді, яғни ШОБ субъектілері сияқты кафе, мейрамханалар, дүкендер және т.б. Әкімдік ПИК-тен МИБ-ке өту бойынша жұмыста жүйелі көмек көрсетеді. Осылайша, "iQamal" қауымдастығымен бірлесіп, заң нормаларын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізудеміз. "iQamal" қала тұрғындары құқықтық және консультативтік көмек ала алатын орталықтандырылған МИБ платформасы болып саналады.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының көпшілігін түсіндіру жұмыстарымен қамту үшін "iQamal" апта сайын онлайн режимінде МИБ құру механизмі мен түсіндіру бойынша кеңестер өткізеді. Оның ішінде алаң ретінде ббасқармалардың қызметкерлері бар біздің Тұрғын үй орталығы (Республика даңғылы, 32) пайдаланылады», — деп атап өтті елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

«Тұрғындар тарапынан қызығушылық бар. Меншік иелерінің 400-ден астам онлайн-жиналысын өткіздік. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деп атап өтті iQamal қауымдастығының басшысы Гүлвира Әбетова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109