2419

Елордада көктемгі шақыру үшін мерзімді әскери қызметке 800-ден астам жас жіберіледі

Елордада көктемгі шақыру комиссиясы осы жылдың наурыз-шілде айларында жұмыс істейді. Осы кезеңде 800-ден астам жігітті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Наурыз айында елорданың әскерге шақырылушылары Шекара қызметі бөлімінің қатарын толықтырды. Кеше қалалық құрама пунктінен теңіз жаяу әскеріндегі кезекті жас команда Ақтауға аттанды.

Елордада көктемгі шақыру комиссиясы шілде айына дейін жұмыс істейді. Көктемгі шақыру кезінде Нұр-Сұлтаннан 800-ден астам жас шұғыл қызметке аттанады. Оларды іріктеу үшін қаланың шақыру медициналық комиссиялары кемінде 9 000 мың әскерге шақырылушыны куәландыруы қажет.

18-27 жас аралығындағы барлық ер азаматтар шақырылуға жатады. Денсаулық жағдайына байланысты кейінге қалдыруға немесе босатуға жататын жастардан өзгесі шақырылуға жатады.

Әрбір нақты шақырылушыға шақыру туралы шешімді комиссияның алқалы құрамы қабылдайды, оның төрағасы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин болып саналады.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер негізгі дағдыларын игеріп үлгереді. Яғни жауынгерлік жағдайда әрекет ету, ату, жауынгерлік машиналарды жүргізу секілді дағдыларды үйренеді, дене бітімі мен моральдық жағынан күшейеді. Жұмыстан босатылғаннан кейін олар әскери дайындық резервінде тұрады. Бірақ тиісті уақытта жиындарға шақырылып, өз деңгейін арттырады.

ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар және 6 ай қызмет өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы. Осылайша өзінің жұмысқа орналасу проблемасын шешеді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Артур Қасқарауов.

Қазір халыққа қызмет көрсету бойынша барлық рәсімдер, оның ішінде әскери билеттер мен тіркеу куәліктерін беру, түрлі анықтамалар, әскери есепке қою және одан шығару мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдары арқылы ғана көрсетіледі.

Мерзімді қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада 1000-нан 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109