3847

Нұр-Сұлтанда ниет білдірушілер үшін «Keruen» мен «Абу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын СОО жанындағы алғашқы егу пункті «Mega Silk way»-да ашылған болатын. Ал 19 сәуірден бастап «Хан Шатыр» СОО-да вакцина қабылдау мүмкіндігі жасалды.

«Сауда-ойын сауық орталықтарында вакцинациялау жұмысын ұйымдастыру жақсы тәжірибе көрсетіп отыр. Осы арқылы қала тұрғындарын қамту көрсеткіші артып келеді. Алғашқы уақытта тұрғындар вакцинациядан үрейленсе, қазір жағдай керісінше, жұрт вакцинацияланғандардың қатарын белсенді түрде толықтыруда. Мысалы, «Mega Silk way»-да медицина қызметкерлері 2 100-ден астам адамды вакцинациялады. Бұл бір ғана орталықтың көрсеткіші», — дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

«Keruen» және «Абу-Даби Плазадағы» жұмыс уақыты алдыңғы екі орталыққа ұқсас, яғни сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Халықты вакцинациялаумен кеңінен қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін, сондай-ақ жұмыс уақыты 08:00-ден 00:00-ге дейін, СОО-ларда 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды.

Елордалықтар COVID-19 вакцинасын алуға белсенді түрде ниет білдіргендіктен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырады. Түрлі кәсіпорындарда КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.

Бүгінгі күні қала бойынша 75 мыңға жуық адам вакцинацияланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109