2577

Елорданың мобильді топтары жыл басынан бері карантин талаптары 734 рет бұзылғанын анықтады

Елордадағы мобильді топтар кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин режимін бұзушыларды анықтауда. Осылайша, жыл басынан бері 1 180 рейдтік іс-шара кезінде шектеу шараларын сақтамаудың 734 фактісі тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Қала аумағында карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты полиция департаменті шағын және орта бизнес нысандарының, елорда тұрғындары мен қонақтарының оларды сақтауы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілерге, яғни ойын-сауық орындарына, дәмханаларға, мейрамханаларға, караокеге, барларға, сауда орталықтарына ерекше назар аударылады. Осы жылдың басынан бері мобильдік топтар 1180 рейдтік іс-шара өткізіп, 734 карантиндік шараларды бұзушылықты анықтады», — деді А.Айтмағамбетов.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 42 мекемеге қатысты 53 материал жіберді, олар — қаралу сатысында.

Сот шешімімен 36 мекеменің әкімшілігі объектілердің қызметі тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Карантинді бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, халыққа карантиндік шараларды сақтау туралы түсіндіру сұхбаты жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109