2874

Нұр-Сұлтанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 инфекциясының саны үш есеге артты

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар эпидемиологиялық жағдайды, халықты вакцинациялау жұмыстарын және қауіпті инфекциямен күресу шараларын талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім еткендей, Нұр-Сұлтандағы CОVІD-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша бір айдан астам уақыт «қызыл аймақта» тұр.

«Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 9,7%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 320,43 құрады. Репродуктивті саны — 1,021. Жыл басынан бері қаламызда науқастар саны 22 мыңнан асты, ал пандемия басталғаннан бері 41 214 жағдай тіркелді: 26 888 — симптоматикалық және 14 326 — асимптоматикалық. Тәулігіне 574 алғашқы жағдай тіркелді (406 симптоматикалық жағдай, 168 симптомсыз жағдай)», — деп түсіндірді елорда санитарлық дәрігері.

Жас құрылымы бойынша науқастардың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі, олар КВИ-мен ауырғандардың 79,9%-ын құрайды, балалар 17,3%-ды, жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды. Сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда егде жастағы адамдар арасында коронавирус жұқтыру жағдайларының 2,2%-ға өскені байқалады.

«Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайдың үш есе өскені байқалады. Қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 1106, сәуірде – 1790. Айтарлығы, инфекция жұқтыру балалардың барлық жас топтарында байқалады. Бұл ретте сәуір айында жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша балалар үлесі 0,8%-ға азайды. Бұл әсіресе 7-10 жас аралығындағы (5,1%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді), 11-14 жастағы (4,5%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді) мектеп оқушыларына қатысты қабылданған шектеу іс-шараларының тиімділігін көрсетеді», — деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109