2920

Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды

Нұр-Сұлтан әкімдігі аула орталықтарын (бос уақыт өткізу орны) дамытуға ерекше көңіл бөледі. Жыл сайын елорданың әр ауданында аула клубтарының саны артып келеді.

Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды. "Қолөнер орталығы" жаңа аула клубының тәрбиеленушілеріне (Нәжімеденова 10/3) қолөнер, зергерлік жұмыс, пішу және тігу, қыш және сәндік-қолданбалы өнермен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

«14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс істейміз. Қолөнер шеберлігі — ата-бабаларымыздың мұрасы. Халқымыздың тарихы өте бай. Басты мақсат – жастарды қолөнерге үйрету, ұлттық кодты сақтау және әрине мәдениетімізді барынша насихаттау. Арамызда өмірін қолөнерге арнаған отбасылар бар. Балалар бізден белгілі бір білім алып, табыс таба алады», — деп атап өтті «Қолөнер орталығы» аула клубының жетекшісі Рауза Балмағамбетова.

Осылайша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 27 аула клубы жұмыс істейді, ал олардың тәрбиеленушілерінің саны үш мыңға жуықтады.

«Мен осы аула клубын құру туралы анам арқылы білдім, ол мені осында тіркеуді жөн деп санады. Ал мен қатты қуандым. Себебі қолөнермен, тігінмен айналысқанды ұнататынмын. Болашағымды осы саламен байланыстырамын. Ұлттық киім дизайнері болғым келеді», - деді «Қолөнер орталығы» аула клубының қатысушысы Жанель.

Елордалық аула клубының басты артықшылығы — балалар тегін қатыса алады. Сондай-ақ, қала бойынша аула клубтары жұмыс істейді, онда балалар спортпен, модельдеумен, робототехникамен, музыкамен, бимен және т.б. бағыттармен айналыса алады.

Сондай-ақ, елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Өткен жылдың өзінде қала әкімдігі 76 гектардан астам аумақты абаттандырды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Биыл бұл жұмыс белсенді түрде жалғасатын болады.

Бос уақыт өткізу орталықтарын ашу және аулаларды/қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру қала тұрғындарын спортпен айналысуына мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109