2845

Әкімдікте қала құрылысын жоспарлаудың ашықтығы талқыланды

Елордада қала құрылысын жоспарлау қалай жүргізілуде? Бұл процестің ашықтығы қаншалықты қамтамасыз етіледі және саябақ аумақтарының ұлғаюымен қаланың орталық бөліктерінің тығыз құрылысына тыйым салу қалай бақыланады? Бұл сұрақтарға Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев жауап берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Осылайша, аумақты салудың көлемдік-кеңістіктік және сәулет-көркемдік шешімі жөніндегі ұсыныстар егжей-тегжейлі жоспарлау (бұдан әрі — ЕТЖ жобасы) жобасында көрсетіледі.

Жылдам дамып жатқан қалада тұрғындар мен бизнестің сұранысы өзгеріп жатқанын ескере отырып, нақты ауданның ЕТЖ түзету қажеттілігі туындайды.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер Үйлестіру кеңесінің (Нұр-Сұлтан қаласы бөліктерінің инженерлік, көлік инфрақұрылымын және қала құрылысы аспектілерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы) отырыстарында қаралады. Талқылау егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзетуге өтінім берген мүдделі тұлғалардың және құрамына елорданың мемлекеттік органдары мен пайдаланушы ұйымдардың басшылары кіретін жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Қазіргі уақытта уәкілетті басқарма БАҚ беттеріне ЕТЖ-ға қоғамдық талқылау ұйымы енгізетін өзгерістер жайлы жариялау мәселесін талқылауда. Осылайша, қала құрылысы бойынша қабылданатын шешімдердің ашықтығы толық көлемде қамтамасыз етілетін болады.

Жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатыса алады.

«Қаланың орталық бөліктерінде құрылыс тығыздығына қатысты тоқталсам, айта кетерлігі, жобалық шешімдер аталған аудандардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды ескере отырып қабылданады. Себебі құрылыс тығыздығының өсуі шығынсыз болуын және инвесторлар үшін құрылысқа салынған қаражаттың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Н.Ұранхаев.

Сонымен қатар, кез-келген қаланы жобалау кезінде көгалдандыру нормалары қолданылады, олар қаланың көлеміне және климаттық жағдайларына байланысты сараланады. Мысалы, жалпықалалық саябақтардың ауданы 10 ш.м./адам есебінен анықталады.

Елорданың қолданыстағы және бекітілген бас жоспарына сәйкес қалада жаңа саябақ аумақтарын дамыту жоспарлануда:

- Талдыкөл көлі ауданындағы сулы-батпақты алқаптар паркі — 1 840 га;

- Қабанбай батыр даңғылы бойында салынып жатқан Бас мешіт ауданындағы саябақ – 100 га;

- Гольф-клуб ауданындағы саябақ — 200 га;

- Майбалық көлі ауданындағы саябақ — 230 га.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109