2917

Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады

Қаланың цифрлық бас жоспары сияқты цифрлық жобаларды іске асыру қала құрылысы процестерін, белгілі бір аудандарды ауруханалармен, мектептермен, балабақшалармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы деректерді болжауға және модельдеуге, қолданыстағы және жобаланған жол желілерінің жай-күйін көруге мүмкіндік береді. Цифрландыру қаланы, оның ішінде саябақ аумақтарын салу бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығына қалай ықпал ететіні туралы қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бас жоспардың үш өлшемді макетін жасау қаланың және жекелеген объектілердің 3D голограммасын көруге, табиғи, техногендік жағдайларды және қалалық инфрақұрылымның мінез-құлқын модельдеуге (кәріз жарылыстары, авариялар, дауылдар және т.б.), қала құрылысының тығыздығын жобалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаланы цифрландырудың арқасында инвестициялық карта қолжетімді болады – кәсіпкерлер қай ауданда дәріхана, дүкен, нотариус секілді т.б. орындарды ашуға болатынын көре алады.

«Сәулет саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік органмен байланысы алынып тасталды, бұл мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын көрсетеді. Осылайша, электрондық форматта көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 85,67%-ы берілді», — деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Айта кету керек, кез-келген қаланы жобалау кезінде көгалдандыру нормалары қолданылады, олар қаланың көлеміне және климаттық жағдайларына байланысты сараланады. Осы талаптарды сақтаған кезде тығыз құрылыс салу және қоғамдық кеңістіктер, саябақ аумақтарын салу үшін жеткілікті кеңістік бөлу мүмкіндігі жоққа шығарылады. Жалпы қалалық парктер 10 шаршы метр/адам есебінен жоспарланып отыр.

«Нұр-Сұлтанда жеті қалалық саябақты велосипед және жаяу жүргінші жолдарымен біріктіріп, жасыл күретамырға айналдыру жоспарлануда. Сондай-ақ су бетіндегі тақтай жағалауы, скейт-саябақ, көше кинотеатры, жаңа қалалық жағажай, спорт павильондары және т.б. салынады. Жобада Есіл өзенінің бойында ұзындығы 16 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделген. Парктердің жалпы ауданы 360 гектарды құрайды. Олардың аумағы, қала сияқты, ауқымды көгалдандырылатын болады», — деп атап өтті басқарма басшысы.

Елбасы атап өткендей, «Қаланың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалды – бұл жұмысты жалғастыру қажет, үйлер мен ғимараттардың айналасына ағаш отырғызылып, көгалдандырылуы тиіс. Бұл Қазақстандағы климат үшін өте маңызды».

Айта кету керек, елорданы дамыту «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» жоспарына енгізілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109