2638

Уәлиханов көшесіндегі учаске 25 сәуірге дейін жабылады

Ш.Уәлиханов көшесі Ж.Тархан көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2021 жылдың 25 сәуірі сағат 06.00-ге дейін жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық учаскені айналып өту үшін ұйымдастырылады. Аталған көше арқылы транзиттік көліктің өтуі жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін толығымен жабылады. Ал жақын маңдағы тұрғындардың тұрғылықты жеріне жетуі үшін балама маршруттар қарастырылған.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін ескере отырып, бағытын жүзеге асыруды сұрайды», — делінген елорда ПД хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109