2671

Алтай Көлгінов елорданы көгалдандыру туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл бір млн-нан астам жасыл желек отырғызу жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мақсатымыз - елорданы экологиялық тұрғыда қала тұрғындары үшін жасыл әрі жайлы ету! Биыл 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Елорданың жасыл белдеуі де, барлық аудандары да қамтылмақ. Тек саябақ аумағында отырғызып қана қоймай, сонымен қатар аулаларда, елді мекендерде және көгалдандыру жеткіліксіз жерлерде отырғызамыз.

Бүгін "Бірге - таза Қазақстан" экологиялық айлығына Қошқарбаев көшесінде (Қордай мен Төлебаев көшелерінің арасында) ағаштар отырғызылды. Ауданда әлеуметтік жеңілдікті тұрғын үй салып жатырмыз, кілттерді осы жылы береміз. Сонымен қатар Ш.Айтматов көшесінде ағаш отырғызуға қатыстым. Шараға жастар, еріктілер, "Болашақ" қауымдастығының мүшелері, қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ қалада күн сайын елорданы санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көрікті жерлеріміздің аумағында жасыл аралдар пайда болады. "Астана Опера" маңындағы аумақта емен бағы, Триатлон саябағында мамыргүл бағы, "Астана Балет" аумағында да өзіндік жасыл бақ болады. Сондай-ақ педагогтардың, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне скверлер ашып, оларды абаттандырамыз.

Осылайша, уақыт өте келе бүкіл қала бойынша жасыл аралдар пайда болады. Жылдан-жылға экологиялық аймақтар саны артпақ. Бірақ жасыл кеңістіктерге тиісті күтім қажет. Өткен жылы ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу екі есеге артты. Егер бұрын "беске бір" болса, қазір "онға бір".

Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартуға және қала тұрғындарының уақытын өткізуге арналған орындарды құруға ғана емес, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жұмсартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109