2770

Елордалық ұжымдар жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін елордада өткен жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік және жергілікті органдардың қызметкерлері, мәслихат депутаттары, еңбек ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар, ҚХА мүшелері, жастар, еріктілер, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілікте қала бойынша үш мыңнан астам жасыл желек отырғызылып, 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Елорданы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 700-ге жуық техника жұмылдырылды.

«Бүгін елордада өтіп жатқан экологиялық сенбілікте ағаш отырғызып, қаламыздың тазалығына атсалысқаным үшін қуаныштымын. Ағаш отырғызу мен оны күтіп баптау бізге үлкен ләззат сыйлайды. Бұл ботаникалық саябақта 1000-нан аса түрлі ағаш отырғызылған. Саябақ — отбасы мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары демалатын орын. Қаламыз күннен-күнге көркейіп келеді. Әсіресе Есіл өзені ерекше көрік береді. Елордамызда жаңа ғимараттар күн санап бой көтеріп келеді», — деді ҚХА кеңесінің мүшесі Юсуф Келигов.

Елордалық еңбек ұжымдары мен қызметкерлердің бүгінгі сенбілікке белсенді атсалысуы қоғамның қалаға деген мейірімділігінің басты белгісі. Қаламыз тазалық аумағына айналуы тиіс. Бір ғана «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы кезеңінде елорда аумағында 16 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған.

«Бүгін қалалық мәслихат депутаттары қолдарына күрек пен тырма алып, жалпықалалық сенбілік аясында триатлон паркінің айналасын ретке келтірді. Депутаттардың көбі сенбілікке балаларымен қатысты. Сонымен қатар, бүгін біз жүзден астам шырша мен қайың көшетін отырғыздық. Депутаттық корпус атынан және жеке өз атымнан қаламызды абаттандыру мен көгалдандыруға қатысқан елорда тұрғындары мен қонақтарына алғыс айтқым келеді. Елордамыздың таза, әдемі және көрікті болғанын бәріміз қалаймыз. Қаламыздың гүлденуіне үлес қосқысы келетіндердің қатары көп екені қуантады», - деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.

Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікке елорданың ақын-жазушылары да белсене ат салысты. Сенбілікке қатысушылар «Қаламгерлер аллеясында» 25 түп ағаш отырғызды. Жазушылармен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та білек түріп, жұмысқа кірісті.

«Бүгін бүкіл республика көлемінде сенбілік ұйымдастырылып жатыр. Осындай игі іске елордалық қаламгерлер де өз үлесін қосуға ниеттеніп, көтеріңкі көңіл-күймен жиналды. Бүгін Қаламгерлер аллеясында 25 ағаш отығыздық», - дейді Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы

Сенбілікте ұйымдастырған ыстық шәй мен бауырсақ та қаламгер қауымының көңілін көтеріп, жұмыстан кейін емен-жарқын дидарласуға дәнекер болды.

Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғамның назарын қаламыздағы тазалықты сақтау мәселесіне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Барлық іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүзеге асты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109