2643

Елордада КВИ-ға қарсы «QazVaс» отандық вакцинасы қолжетімді

Қазақстанда өндірілген "QazVac" вакцинасының 6 мыңнан астам дозадағы алғашқы партиясы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына келіп түсті. Басқарма қоймаларында "Спутник-V"-мен бірге барлығы 55 мың доза бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Өткен аптада ғана қазақстандық «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді. Енді отандық өніммен халықты вакцинациялауға мүмкіндігіміз бар. Дәрігер ретінде және бірінші кезекте ҚР азаматы ретінде Қазақстанның вакцина шығаруға мүмкіндігі бар елдердің қатарында екенін мақтан тұтамын», — деп атап өтті елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ол вакцинациядан бұрын азаматтар қабылдайтынын вакцина түрін өздері таңдай алатынын атап өтті. Әзірге ресейлік "Спутник-V" және қазақстандық "QazVac" вакцинасын таңдауға болады. Отандық вакцина емханалар мен сауда-ойын-сауық орталықтарына ережеге сәйкес таратылды.

«Біз тәулігіне 6 мың адамға дейін екпе жасаймыз. Бастапқыда жұртшылық вакцинацияға қауіппен қарады. Бірақ вакцина қабылдамау денсаулыққа қауіпті екендігі туралы ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін вакцинацияланғандардың қатары толыға бастады. Қазір халықтың алаңдаушылығы мен үрейі басылды. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындардың қатары көбейді», — деді Т.Мұратов.

Басқарма басшысы сондай-ақ сауда кешендерінде егу пункттерін ашудың оң жақтарын атап өтті.

«Қала билігінің СОО-да егу аймақтарын ұйымдастыруы айтарлықтай нәтиже беруде. Кейде азаматтар жұмысына байланысты емханаға бара алмайды, көбісі МСАК ұйымдарына тіркелмеген. Ал СОО-ларға келіп, препараттың компоненттерін еш қиындықсыз ала алады. Бұл ҚР аумағында тұратын және жұмыс істейтін, тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар үшін ыңғайлы», — деп толықтырды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бір тәулік ішінде СОО жанындағы егу аймақтарында 250 адамға дейін егіледі. Бүгінде елордада "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр" және "Абу-Даби Плаза" СОО-ларында вакцинация пункттері ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша халықты вакцинациялаумен кеңінен қамту үшін егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Ал олардың жұмыс уақыты: АМСК ұйымдары үшін 08:00-ден 00:00-ге дейін, СОО үшін 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109