2391

Елордада «Қайырымды істер» марафоны аясында мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін тарату жалғасып жатыр

Жыл басынан бері елордада "Қайырымды істер" марафоны өткізіліп, оның аясында мұқтаж жандарға барлық көмек пен қолдау көрсетіліп келеді. Ал қасиетті Рамазан айында 4 мың отбасыға азық-түлік себеті таратылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бизнесмендерді, ірі кәсіпорындардың басшылары мен топ-менеджерлерді "Қайырымды істер" марафоны аясында өтетін акцияларға белсенді қатысуға шақырған болатын.

Мұқтаж жандарға көмек қолын созуға қала тұрғындары да жәрдем еткен. Мысалы, қыстыгүні қала тұрғындары мен еріктілері жалғыз тұратын қарт кісілердің аулаларының қарын күреп, оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек алуына көмектесті.

Қасиетті Рамазан айында "Қайырымды істер" марафоны жалғасын тапты - 4 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады. Әлеуметтік акцияны "Халық" қайырымдылық қоры, Болат Өтемұратов қоры және т.б. қолдады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы "Нұр-Астана" мешітінің ұжымымен бірге қасиетті айды ораза ұстаған мұсылмандарға ыстық тамақ таратудан бастаған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109