1928

Алтай Көлгінов Эверестті бағындырған Мария Әуезовамен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Эверестке шыққан Мария Әуезовамен және оның командасымен кездескенін айта келе жақында альпинстің аяғына протез алу арманы орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Эверестті бағындырған елордамыздың тұрғыны Мария Әуезованың оқиғасын естіген шығарсыз. Мария - ерекше қажеттілігі бар қайсар тұлға. Ол 5364 м биіктікке көтерілді. Бұл мақсатқа жетуге оған жолдасы мен жаттықтырушысы көмектесті.

Нәзік Мария - рухы мықты әйел, ол бізге үлгі! Мариямен және оның командасымен - жұбайымен және жаттықтырушысымен кездестім. Ол шыңды бағындыру сәті, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Марияның арманы - аяққа тұрып, сапалы аяқ протездерін алу. Біз оның арманын орындаймыз!» — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109