3863

Тағы бір қалалық мектеп «Болашақ мектебі» атанды

«Болашақ мектебі - бүгін» жобасы Астанада 2011 жылдың қазан айынан бері жүзеге асырылып келеді. Ол қоғамның сұранысына сәйкес оқу үдерісін оңтайландырып, оның сапасын жетілдіруге әсер етуде.

 «Болашақ мектебі - бүгін» жобасы Астанада  2011 жылдың қазан айынан бері жүзеге асырылып келеді. Ол қоғамның сұранысына сәйкес оқу үдерісін оңтайландырып, оның сапасын жетілдіруге әсер етуде. Бүгінгі күні жоба қала мектептерінің 9-ында жүзеге асырылуда. Бұл туралы  astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.  

  Ведомстваның мәліметі бойынша, 2012 жылдың қыркүйек айында №54 мектеп-лицейде «Болашақ мектебі - бүгін» пилоттық жобасы аяқталды. Қазір ол қаланың екінші бір №64 мектеп-лицейінде толық іске қосылған . Мұнда барлық модульдер орнатылып, («Е-асхана», «Е-кітапхана», «Бейнебақылау», «Қолжетімді бақылау жүйесі») жұмыс істеп тұр.  Жақында №64 мектеп-лицейде мектеп оқушыларының куәліктері таратылып, ата-аналарды смс-хабарлау жүйесі іске қосылды. 

«Болашақ мектебі - бүгін» жобасын одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасуда. «Болашақ мектебі - бүгін» жобасы қаланың 9 мектебінің, атап айтқанда: Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы; Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте; Сырбай Мәуленов атындағы орта мектепте;  Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте; № 48 мектеп-лицейде; № 53 мектеп-лицейде; № 60 мектеп-лицейде; № 61 орта мектепте; № 62 мектеп-лицей базаларында бар. Оларда  қазірдің өзінде «Е-асхана», «Е-кітапхана», «Бейнебақылау», «Қолжетімді бақылау жүйесі» модульдері орнатылған.

«Болашақ мектебі - бүгін» жобасы аясында жоғарыда аталған барлық мектептерде мынандай жаңалықтар пайда болды:

1)  Турникеттер және олардың тиімді жұмыс істеуі үшін жабдықтар; «Мектеп оқушыларының электронды куәліктері»;  смс-хабарламалар арқылы  балалардың мектептен келіп, кетуін хабарлап отыратын ақпараттар.

  2)  Сайтқа қажет емес мазмұндағы әсерді жоятын контент сүзгісі қызметі бар Интернетті желіге қосу.

3)  Аталған кітаптың электронды базасына оқулықтар,басқа да әдебиеттерді енгізетін; орналасқан жері, авторы, атауы, шығарылған баспасы,  тағы басқа да мәліметтер бойынша кітаптар іздейтін  "Е-кітапхана" .

4) Бейнеақпараттар мен оның шығуын жазуды қамтамасыз етіп,  соның ішінде қауіпсіздік жүйесіне байланысты  қозғалыс детекторы іске қосылып, ата-аналарға нақты уақытта IP камерадан жеке кабинет арқылы көріністі қарауға мүмкіндік беретін «Бейнебақылау» моделі.

 5) Тапсырыс қабылдауды автоматты үдеріс арқылы жеделдетіп, мектептің асханалары мен буфеттерінде кезекте тұруды қысқартуға көмектесетін («Е-асхана модулі) ішкен тамаққа ақша төлеу үшін терминалдар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109