2646

Нұр-Сұлтанда тағы бір көпір асты кеңістігі абаттандырылады

Нұр-Сұлтанда тағы бір көпір асты алаңы абаттандырылады! Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында (Самал шағын ауданы жағынан) көлеңкелі қалқалар, балалар алаңы, демалуға арналған аймақ, қойылымдар/концерттер мен шығармашылық эксперименттерге арналған импровизацияланған сахна, тамақтану орындары және т.б. ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

«Қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар), аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жүргізудеміз. Өткен жылы елордада алғаш рет көпірлер астындағы орындар абаттандырылды. Бұл орындар жұртшылықты бірден өзіне баурап алды. Міне, биыл бұл жобамызды кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді тағы бір көпірдің астында серуендеуге арналған орын ашылады. Осылайша, бір кездері бос жатқан аумақ тағы бір қоғамдық орынға айналады», — деді Нұрлан Ұранхаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қалада екі көпір асты кеңістігі ашылған болатын. Олардың бірі — Сарайшық көпірінің астында. Бұл аумақ түрлі спортқа бөлініп, көше тренажерлері, әткеншектер, workout аймағы және т.б. орнатылды.

Екіншісі — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы көпірдің астында орналасқан. Онда стритбол алаңы, үстел теннисіне арналған аумақ және workout-аймақ орналасқан. Сондай-ақ, жастардың өтініші бойынша скейт-аймақ ашылды.

Жаңа қоғамдық кеңістікті ашудың негізгі идеясы — спортпен айналысу үшін қолайлы атмосфера құру. Басымдық — бұқаралық спортты дамыту.

Бұл көпірдің асты танымал отандық және шетелдік спортшылардың суреттерімен безендірілген. Мысалы, баскетболшы Әлжан Жармұхамедов, кәсіби теннисші Зарина Дияс, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин, баскетболшылар Джеймс Леброн, Коби Брайант және т.б.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керектігін атап өтті. Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда. Мұнда басымдықтардың бірі серуендеу және спортпен шұғылдануға бөлінеді. Елорданың барлық аудандарында жұмыстар жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109