2585

Нұр-Сұлтанда 100 мыңнан астам адам COVID-19 вакцинасын алды

Елорданың егу пункттерінде қала тұрғындары коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник-V" және отандық QazVac вакцинасын ала алады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы вакцинацияны 100 мыңнан астам адам алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін түстен кейін елордада вакцинацияланғандардың саны 100 мың адамнан асты. Вакцинацияны 60 және одан жоғары жастағы адамдар жиі қабылдайтыны байқалады. Бізді екпе алудағы оң үрдіс пен халықтың өзіне және айналасындағылардың денсаулығына деген жауапкершілігі қуантады», — деп атап өтті елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ол қазақстандық QazVac вакцинасымен вакцинациялаудың алғашқы екі күнінде 400-ден астам адам егілгенін айтты.

Еске сала кетейік, жақында елордаға 6 мың дозадағы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы келіп түскен болатын. Дозалар БМСК ұйымдары бойынша рұқсат қағазына және бекітілген халық санына сәйкес бөлінген.

«Вакцина "Спутник-V" секілді екі компонентті емес, бірақ екі кезеңде жасалады. Вакцинация 21 күндік аралықпен екі дозадан тұрады», — дейді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, ол елордалықтардың препаратты таңдауында ерік бар екенін айтып өтті.

«Басқа препаратпен вакцина қабылдауға мәжбүрлеу болмайды. Медициналық қызметкерлер тексеру барысында пациенттің қандай вакцина алғысы келетінін нақтылайтын болады. Барлығы ерікті келісім бойынша жүргізіледі», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Т.Мұратовтың айтуынша, вакцинациялау пункттері санының артуына байланысты МСАК ұйымдарының жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін қысқартылды, СОО үшін жұмыс режимі бұрынғыдай — сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр" және "Абу-Даби Плаза" СОО-ларында вакцинация пункттері ашылды. Алдағы уақытта "Азия Парк" СОО-да егу пунктін ашу жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109