2088

Астана мектептерінің асханаларына тамақ ішкені үшін ақы төлейтін терминалдар орнатылды

«Болашақ мектебі - бүгіннен» жобасы аясында елорданың орта білім беретін кейбір мектептерінде тамақ ішкені үшін ақы төлейтін термиалдар қойылған.

«Болашақ мектебі - бүгіннен» жобасы аясында елорданың орта білім беретін кейбір мектептерінде тамақ ішкені үшін ақы төлейтін термиалдар қойылған.  Олар тапсырыс қабылдауды автоматты үдеріс арқылы жеделдетіп, мектептің асханалары мен буфеттерінде кезекте тұруды қысқартуға көмектеседі.  Бұл туралы  astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті. 

««Болашақ мектебі - бүгіннен» жобасы бойынша оқушылардың тамағына ақы төлеу үшін қосымша карта ашылуы қажет. Қазіргі қолда бар «мектеп оқушыларының куәлігі» тамақ аларда төлем картасы ретінде есептеледі.  Белгілі бір уақытқа қолма-қол ақшамен есеп айырысу да, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу да қатар жүреді», - деп түсіндірді ведомстводан.

 Басқарманың мәліметі бойынша, терминалдарға келесі негізгі қызметтер кіреді:

-ас мәзірін таңдау;

-ас мәзіріне өзгерістер енгізу мүмкіндігі;

-чекте таңдалған ұстанымның көрінісі (саны, бағасы, жалпы бағасы, тапсырыс уақыты, карта нөмірі);

- терминал төлемдері арқылы «мектеп оқушысы куәлігінің» балансын толтыру;

-жеке кабинет арқылы  рационды қарау мүмкіндігі;

-асханада  тағам түрлерін таңдау мүмкіндігі;

- жеке кабинет арқылы  дара  статистика жүргізу;

- қаржылық транзакция, есептер.

Еске салайық, «Болашақ мектебі - бүгіннен» жобасы елордада 2011 жылдың қазанында басталды. Бүгінгі күні жоба қала мектептерінің 9-ында жүзеге асырылуда.  Олар:Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия; Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп; Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп;  Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп; № 48 мектеп-лицей; № 53 мектеп-лицей; № 60 мектеп-лицей; № 61 орта мектеп; № 62 мектеп-лицей. №54 және 64 мектептерде толық жүзеге асырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109