2347

Биыл Нұр-Сұлтанда 100-ден астам көше жөнделіп, кейбірі салынады

Нұр-Сұлтанда ауа-райының жылынуымен жол жұмыстары қайта жанданды. Биыл барлығы 100-ден астам көше жөнделіп, кейбірін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны кезеңінде 37 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй массивтеріне, әлеуметтік нысандарға және қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелерге апаратын жолдарға баса назар аударылатын болады.

Осылайша, Малахов көшесі (Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейін), Космонавтов көшесі (Қабанбай батыр даңғылынан Арай көшесіне дейін), М.Төлебаев көшесі (Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін), М. Горький көшесі (Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев көшесіне дейін) орташа жөндеуден өтеді. Елордалық цирк айналасындағы жолдың орташа жөндеуі аяқталды.

Сондай-ақ, Түркістан көшесі бойындағы Ұлы дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшелеріне дейінгі бөлу тұсын жөндеу арқылы жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы Мәңгілік Ел даңғылындағы бөлу тұсы жөнделіп, оның кеңеюіне мүмкіндік берді.

2020 жылы елордада 173 көше, оның ішінде қаланың тұрғын үй алаптарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында төрт мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Сапасыз жөндеу жұмыстары, құрылысы қабылданбайды. Мұндай жағдайда мердігерлер өз есебінен қайта жөндеп, қалпына келтіретін болады. Ал өз жұмысына бей-жай қараған мердігерлер ісі сотқа берілетін болады. Ары қарай қара тізімге енгізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109