2309

Елордалық тұрғын үй кешенінің аумағында «30 игі іс» акциясы аясында 30 ағаш отырғызылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Осы акцияның аясында «Тамыз» ТК аумағында 30 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 28 сәуірінде «30 игі іс» акция аясында «Сарыарқа» ауданының әкімдігі, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ және волонтерлер күшімен елордадағы Тілендиев, 15/1 мекенжайында орналасқан «Тамыз» тұрғын үй кешенінің аумағында 30 ағаш отырғызылды.

Басты мақсат – қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру. Осылайша волонтерлер мен қызметкерлер сүйікті елордамыздың экологиялық дамуына өз үлесін қосып отыр.

Іс-шара барысында сенбілікке қатысушылардың бәрі санитарлық нормаларды сақтап, бетперделермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, елордада «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр, оның аясында қала аумағында 16 мың жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109