2341

«Нұр-Сұлтанның шеткері аумақтары толыққанды шағын аудандарға айналуы тиіс» – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланың тұрғын үй алаптарының қалай дамып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың абаттандырылған аудандары мен шеткері аймақтардың арасындағы айырмашылықты жою үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ауқымды жұмыс орындау қажет: қарапайым электр, су, кәріз жүйелерінен бастап, жеке секторға газ жүргізу, әлеуметтік нысандар, жолдар салуға, абаттандыруға және гүлзарлар ашуға дейін. Осы жұмыстардың өзіне бірнеше жыл қажет болады. Біртіндеп шеткері аймақтар ыңғайлы шағын аудандарға айналмақ. Қалада 16 барлығы елді мекен бар. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады.

Бірқатар елді мекендерге барып, тұрғындармен кездестім. Мысалы, Железнодорожный елді мекенінің тұрғындары жолдарды асфальттау, көшені жарықтандыру, қосымша автобус маршруттарын іске қосу, кәрізге байланысты мәселелерді көтерді. Кездесуде тұрғындарға болашақ қоғамдық кеңістіктің эскизі көрсетілді. Басқа сұрақтар да жоспарға алынды.

Егер жол жұмыстарына тоқталатын болсақ, биыл 100-ден астам көше салып, жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биыл 37 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігіне, елді мекендерге, қозғалыс қарқындылығы жоғары әлеуметтік нысандар мен көшелерге апаратын жолдарға баса назар аударамыз.

Өткен жылы елді мекендерде 100-ден астам, ал жалпы қала бойынша 170-тен астам көшеге асфальт төседік.

Сонымен қатар Елбасының ауқымды жобасын іске асырамыз, газ жүргіземіз. Елді мекендерде 345 км орамішілік газ тарату желілері салынды. Жылыту маусымында (2020-2021 жж.) Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. Жаңа жылыту маусымында газға қосылу мүмкіндігін Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары алады.

Сонымен қатар елді мекендерде 13,5 км инженерлік желілер, 5 км-ден астам кәріз бен су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды.

Алдағы жылдары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес тағы 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 85 км нөсер кәрізін, қосалқы станса мен 177 км электрмен жабдықтау желілерін, 23 км жылумен жабдықтау желілерін, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстарын саламыз.

Өткен жылы 40 қоғамдық кеңістік: саябақтар, скверлер, бульварлар жаңадан абаттандырылды. (Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Интернациональный, өндіріс және т. б.). Қараусыз қалған жерлер қазір жергілікті тұрғындардың жақсы көретін орындарына айналды.

Тағы да 50 саябақ пен сквер құру, 120 км астам велосипед жолдарын салу және т. б. жоспарда бар.

Екі мектеп салынды. Мысалы, Мичурино елді мекенінде бұрын бірде-бір мектеп болған жоқ. Балалар бейімделген бөлмеде оқыды. Шеткері аймақтарда тағы 6 мектеп салу, бірқатар медициналық орталықтар ашу, әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй салу жоспарда бар. Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Онда спортпен шұғылдануға арналған кабинеттерден басқа қарт адамдарға арналған қызығушылық клубтары, ХҚКО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері және т. б. орналасады. Оларды биыл ашамыз.

Осылайша біздің мақсатымыз - елорданың шеткері аймақтарын жайлы шағын аудандарға айналдыру. Тұрғындарға қажет барлық әлеуметтік нысандар, тиісті инфрақұрылым мен демалыс орындары бар. Осы бағыттардың барлығын елордамыз дамып келе жатқан «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарына енгіздік. Тұрғын үй алаптарын тұрақты түрде аралаймыз, қала тұрғындарымен үнемі кездесіп отырамыз. Шеткері аймақтарды дамытуға тұрғындардың өздерін тікелей тартамыз.

Мемлекет басшысы елді мекендерді дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109