2332

Елордада Қазақстан халқының Бірлігі күні қалай атап өтіледі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл елімізде көктемдегі маңызды мерекелердің бірі, оның құрметіне елордада жыл сайын көптеген мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізіледі. Басты мақсат – Қазақстанда тұрып жатқан этностар мәдениетінің алуан түрлілігін, сондай-ақ азаматтардың бірлігі мен тұтастығын көрсету. Биыл іс-шаралардың бәрі онлайн форматта және санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық мектептердің сайттарында 30 сәуірде «Қазақстан – достық мекені!» ашық сабағын көруге болады.

М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында 30 сәуір күні «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» онлайн-Тэйбл-talk өтеді. Сонымен қатар, сарай ұжымы мен шешен-ингуш этнолингвистикалық-мәдени орталығы «Достық сәлемдеме!» челленджін бастайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында осы күндері елорда ҚХА ЭМБ басшыларының, өкілдерінің бейне құттықтаулары жарияланатын болады.

Мерекеге орай қаланың мәдениет мекемелері көптеген іс-шаралар дайындады.

NOMAD City Hall сахнасында 1 мамырда «Бірлігіміз жарасқан, Қазақстан» мерекелік концерті өтеді.

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының кіші сахнасында 1 мамыр күні сағат 18.00-де К.Людвигтің «Примадонны» комедиясы өтеді. Ал келесі күні аталмыш театр көрермендерді В.Шукшиннің «Светлые думы» әңгімесі бойынша сахналық қойылымымен қуантады.

1 және 2 мамыр күндері қуыршақ театрында С.Жүнісовтың «Атамекен» драмасы көрсетіледі. Спектакльдер сағат 12.00, 14.00 және 16.00 уақытында басталады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де мерекеден шет қалмайды. Бірлік күні № 5 көпшілік кітапханасы «Жүз этнос – бір халық» балалар суреттері мен шығармашылық жұмыстарының онлайн көрмесін өткізеді. Ал № 12 көпшілік кітапханасы әлеуметтік желілерде «Бірлігімен, достығымен және еңбегімен ел мықты» этнографиялық онлайн сюжетін ұсынады.

Көрермендер 1 мамыр күні сағат 12.45-те «Хабар» телеарнасынан «Ынтымақ мекені» мерекелік концертін тамашалай алады. Дәл осы уақытта «Астана» концерт залының сахнасында қала тұрғындарына арнап «Ынтымақ үйі» онлайн музыкалық шарасы ұйымдастырылады.

Достық үйінің Facebook және Instagram желілеріндегі аккаунттарында «ANK Live» студиясының тікелей эфирін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешенінің ресми аккаунттарында мерекеге орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» көрмесі өтеді. Мұнда 3 мамырда «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты дәріс ұсынылады.

Астаналық цирк өз кезегінде «Біз біргеміз» онлайн-іс-шарасын өткізеді.

Бейбітшілік және келісім сарайы 1 мамырға арнап Атриум залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің символы» тақырыптық онлайн-экскурсиясын дайындап отыр.

3 мамырда Сәкен Сейфуллин музейінде «Ел тірегі – татулық» онлайн фото-көрмесі өтеді.

Айта кетейік, елордадағы іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109