3754

Елорда тұрғындарына заңсыз митингілер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатыны ескертілді

Нұр-Сұлтан Прокуратурасы елорда тұрғындарына заңсыз митингілер ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның идеяларын қолдайтын жекелеген тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырулар таратуда.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңмен реттелетінін түсіндіреді.

Нақты айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған. Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін бес жұмыс күннен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда беріледі. Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі.

Аталған хабарламаны жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Осы үш күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы.
Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі.

Ол үшін ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруі, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруі міндетті.

Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізу келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды (Заңның 13-бабы).

Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихаттармен белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі тиіс.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды өткізуді келісуден бас тартса, Заңды (3-баптың 3-тармағын) бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып саналады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

«Бұдан басқа, «СOVID-19» коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі «Карантиндік шектеулерді қатаңдату шаралары туралы» қаулысымен белгіленген адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге салынған тыйым әлі де қолданыста екендігін еске саламыз», — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109