1743

Оқшаулану мен вакцинация арқылы ғана жеңеміз: Эпидемиологтар елорда тұрғындарына үндеу жасады

Мамыр айындағы мерекелер жақындап келеді. Қала тұрғындары бұл күндері топ болып таза ауада сауық құрғанды ұнатады. Осыған байланысты елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарына қауіпті вирустың денсаулыққа қауіп төндіретінін кезекті рет ескертті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақта тұрғанына бір жарым ай болды. Күн сайын қалада КВИ ауруының 600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елорданың барлық азаматтарын мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұрайды. Қауіпті вирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді. Қонаққа, көршілерге, ірі отырыстарға бармауға, артық және маңызды емес сапарларға шықпауға ұсынамыз.

«Негізгі қауіп тобында әлі де созылмалы аурулары бар адамдар мен аға буын өкілдері тұр. Сондай-ақ, балалар да жұқтыруы мүмкін. Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін ұмытпаңыз. Біз өзімізді оқшаулағанда және вакцинация қабылдаған кезде ғана індетті жеңеміз. Сондықтан біз барлық ұсыныстарды орындауға және пандемиямен күресте жауапкершілік пен бірлікті көрсетуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109