1527

Нұр-Сұлтанда дін өкілдері мен діни бірлестік басшылары ағаш отырғызды

Елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып келді. Оның мақсаты – қоғам назарын қаланың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ұлтаралық татулыққа аудару.

Көпке үлгі-өнеге көрсету мақсатында рухани көшбасшылар салауатты қоғам қалыптастыруға үн қосып, көк желекті ағаштар отырғызды. Іс-шараға Қазақстан діни бірлестіктері қауымдастығының басшылары мен өкілдері, елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.

«Қазақстан халқының бірлігі күні еліміз үшін үлкен маңызға ие. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен бұл тамаша мереке ежелден біздің жерімізде қастерлі достық пен бірлік, өзара құрмет пен сенім құндылықтарын бейнелейді. Бірлік адамзат тарихында әрқашан бағаланды. Бірлік арқылы мемлекеттер мен халықтар үлкен биіктерге жетіп, өмірін жақсартты, табысты дамыды. Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен еңбектің арқасында біз барлық қиындықты жеңіп, алға қойған мақсаттарымызға жетеміз. Сіздерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге ашық аспан, мықты денсаулық тілеймін!» – деді елорда әкімінің орынбасары.

Сөзін жалғай отырып, әкім орынбасары елорданың әрбір ауданында көгалдандыру жұмысы қарқын алғанын айрықша атап өтті.

«Қасиетті жұмада жүзге жуық ағаш отырғыздық. Игі істер Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республикамызды көгалдандыру мақсатында жүргізілуде. Осы бағытта елорданың әрбір ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Биылға жоспарымыз – қоғамдық кеңістіктерді көбейту, қала тұрғындарының тынығып, серуендеуіне барынша жағдай жасау», – деді Бақтияр Мәкен.

2017 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен діни бірлестіктердің басшылары «Конфессияаралық келісім аллеясында» дәл осылай ағаш отырғызуды қолға алған.

«Ел бірлігі күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Қазақстан әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі саналады. Мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы үйлесім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасаудың дұрыс бағытын таңдап алу арқылы келді. Мұндай тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлт пен ұлысты және бірнеше конфессиялы республикамыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басты рөл атқарды. Ұлттар достастығы, ел бірлігі – тәуелсіздігіміздің негізі. Бұл этносаралық келісім әр мемлекеттің діңгегі деп білемін. Елімізде осы уақытқа дейін дін саласында күрмеулі мәселе болған емес. Осылай еліміз дами берсін! Игі шара жалғасын таба берсін!» – деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Алмұханов.

Еліміздің этникалық және діни сан алуандығы мемлекетіміздің, сонымен қатар қоғамның көп тармақты дамуының негізі, ал толеранттылық және бейбітшілік әрбір қазақстандық таңдайтын бірліктің бейнесіне айналды.

«Ел бірлігі күні біздің елімізде ерекше атап өтіледі. Басқа елдерде 1 мамыр күнінде шерулер өтіп, халық билікке наразылығын жеткізіп жатады. Ал біздің елде бұл күн татулыққа, ынтымақтастыққа негізделген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлтаралық, дінаралық татулықты сақтай отырып, барлық халықты бір тудың астында жұмылған жұдырықтай ұйыстыра білді. Осындай ұлттар достастығы, бейбітшілігіміз нығая берсін!» – деді шіркеу округінің өкілі Сергий Архимандрит.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109