1573

Елордада спортшылар Ботаникалық бақта ағаш отырғызды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының спортшылар қауымы Ботаникалық бақта ағаштар отырғызды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сапиев, әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, таэквандодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов, бокстан жастар арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Айбек Оралбай, бокстан жастар арасында әлем чемпиондары Нұрбек Оралбай, Санжар Ташкенбай, джиу-джитсудан әлем чемпионы Айдар Махметов, аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай және тағы басқа да спортшылар ағаш отырғызып, бас қаламызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев спортшыларға алғысын білдіріп, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

«Спортшылар қауымы игі істерде де, қоғамдық шараларда да үнемі алдыңғы қатардан табылады. Бүгінгі шара да соның бір дәлелі. Мереке қарсаңында осындай игі бастаманы қолға алып, еліміздің батыр ұл-қыздарымен ботаникалық саябақта тал отырғызып жатырмыз. Қаламызды көгалдандыру, айналамызға қамқорлықпен қарау әрқайсымыздың парызымыз. Алдағы уақытта елордамыздың басқа да саябақтарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар», — деп атап өтті басқарма басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109