3153

«Қайырымды істер»: Мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды

«Қайырымды істер» марафоны аясында волонтерлер мен аудандық әкімдіктердің қызметкерлері көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуды жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Азық-түлік себеттерін өлшеп, орауды елорда әкімдігінің қызметкерлері мен еріктілер Әзірет Сұлтан мешітінде жүргізді. Жиналған топ елорданың төрт ауданындағы мұқтаж отбасыларға жеткізу үшін мешіт маңынан аттанды.

«Бүгін қасиетті Рамазан айында біз 1000 азық-түлік себетін таратуды қолға алдық. Заттарды тиеп, тарату үшін елорданың автоволонтерлері көмек көрсетіп жатыр. Себетте қажетті өнімдер бар: күнбағыс майы, күріш, қант, ұн, құрма қораптары, кәмпиттер, печенье, шай, консервілер. Бір қораптың салмағы шамамен 25 кг», — деді қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Өз кезегінде мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ана Бақыт Смағұлова елорда әкімдігіне қасиетті Рамазан айында тарту еткен сыйы үшін алғыс білдірді.

«Елордалық әкімдікке және еріктілерге азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, қасиетті Рамазан айында келіп, көмек көрсеткендеріңізге рахмет», — дейді Бақыт Смағұлова.

Азық-түлік себетінің тағы бірі үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Венера Молбаеваға табыс етілді. Үш күн бұрын ол Алматы ауданының әкімдігіне әлеуметтік көмек сұрап жүгініп барған.

«Үш күн бұрын мен аудан әкімдігіне қоңырау шалып, үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана ретінде өтініш білдірдім. Бүгін күтпеген жерден осындай көмек алып отырмын. Өте қуаныштымын. Себетте барлық қажетті тамақ өнімдері бар. Елордалық әкімдікке, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне көрсеткен қолдаулары үшін үлкен рахмет айтқым келеді!» — деп ой бөлісті Венера Молбаева.

Жыл басынан бері елордада «Қайырымды істер» марафоны өткізіліп, оның аясында мұқтаж жандарға барлық көмек пен қолдау көрсетіліп келеді. Қасиетті Рамазан айында төрт мың отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бизнесмендерді, ірі кәсіпорындардың басшылары мен топ-менеджерлерді "Қайырымды істер" қайырымдылық марафоны аясындағы акцияларға белсенді қатысуға шақырған болатын.

Мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін қала тұрғындары да ниет білдіріп келеді. Мысалы, қыстыгүні қала тұрғындары мен еріктілер жалғыз тұратын қарт адамдардың аулаларының қарын күреп, азық-түлік жиынтықтарын тапсырды, сол сияқты дәрі-дәрмек секілді өзге де заттар сатып алуға көмектесті.

Қасиетті Рамазан айында «Қайырымды істер» марафоны жалғасын тапты. Төрт мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады.
Әлеуметтік акцияны «Халық» қайырымдылық қоры, Болат Өтемұратов қоры және т.б. қолдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109