4336

Елорданың Есіл өзенінде теплоходпен серуендеу жақын күндері іске қосылады

Елордада су жағасында серуендеу әдетте мамыр айынан басталады. Жақын күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Есіл өзенінде жолаушылар теплоходы іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың навигациялық кезеңіне дайындық жұмыстарын бастады.

Жолаушылар кемесінің (шағын көлемді кемелердің) қауіпсіздігін арттыру мақсатында Есіл өзенінің ішкі су жолдарындағы металл тіреулердің жағалық навигациялық-дабылдық белгілер, навигациялық белгілер (қалқымалар) және қосымша көпір белгілері орнатылады.

Көрме жанындағы белгілердің бәрі тазалау, жуу және бояу кезеңдерінен өтеді. Содан кейін кептіріліп, соңғы кезеңде схема бойынша (навигациялық жабдықтың белгілері бар өзен учаскесінің сызбасы) белгілер орнатылады.

Навигация кезінде белгілерді қоқыс пен шөптен тазарту, зақымдалғандарын тексеру және ауыстыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109