2005

Алтай Көлгінов кәсіпкерлерді ағаш отырғызуға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланы көгалдандыру жоспары туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Бұрын батпақ, қараусыз қалған жерлер "жасыл аралдарға" айналып жатыр. Биыл 1 миллионнан астам, яғни рекордтық көлемде жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызамыз. Бұл жасыл "оазис" қаласын құруға мүмкіндік береді.

Қаланың барлық аудандарында соңғы бірнеше апта бойы "Бірге - таза Қазақстан" экологиялық айлығы өтіп жатыр. Бүгін "Астана Балет" маңындағы аумақта ағаш отырғызуға қатыстым. Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық мүшелерімен бірге Нұр-Астана мешітінің жанына ағаш отырғыздық, сондай-ақ әріптестерімізбен бірлесіп, ботаникалық бақта ағаш отырғыздық. Бұл жұмыстарға қала тұрғындары мен еріктілер белсенді қатысуда. Алғыс айтамын!

Кәсіпкерлерді, СОО/СО/ШОБ басшыларын, ОСИ (ПИК) басқарушыларын іргелес жатқан аумақтарды белсенді көгалдандыруға шақырамын. Осылайша, сіз өз нысандарыңыздың эстетикалық келбетін жақсартып, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға да елеулі үлес қосасыз!

Тек саябақ аумақтарын, тұрғын үйлер мен аулаларды абаттандырып қана қоймай, сонымен қатар қаламыздың көрікті жерлерін де көгалдандырамыз. Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында сирень бағы болады. Саябақтарда, скверлерде, бульварларда суару жүйесі 5 есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде жүзеге асырылады.

Нұр-Сұлтандағы экологиялық аймақтар саны жыл сайын өседі.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ел мен қалаларды ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109