1983

Bus Lane және алты жолақты жол: Нұр-Сұлтанда көшелер қалай өзгереді?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жүргізіліп жатқан абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тұрғындарға қалада қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасаудағы басымдықтардың бірі - жолдарды салу және жөндеу, қоғамдық көлікке арналған Bus Lane желісін кеңейту, веложол құру. Елордадағы климаттық жағдайға байланысты абаттандыру мен жол жұмыстарын жүргізу маусымы қысқа. Жылыту маусымы 7 айға дейін созылады. Дегенмен қолайлы жағдайлар туындағаннан кейін қалада жолдарды жөндеу және аудандарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Биыл 100-ден астам көшені салып, жөндейміз. Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударамыз. Бүгін бірқатар көшелердегі жол жұмыстарының барысымен таныстым. Мысалы, Ю.Малахов көшесінде (Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейін), Космонавтов көшесінде (Қабанбай батыр даңғылынан Арай көшесіне дейін), М.Төлебаев көшесінде (Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін), М.Горький көшесінде (Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев көшесіне дейін) және т. б. ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге тағы 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Цирк ғимаратының айналасында жолдың орташа жөндеуі аяқталды. Ол бойынша бірнеше рет өтініштер келіп түсті.

Сонымен қатар Түркістан көшесінің бойындағы (Ұлы дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) бөлу жолағын қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жолды үш жолақтан алты жолаққа дейін, яғни екі есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Жазда Bus Lane жолағын іске қосамыз. Сондай-ақ сол учаскеде саябақ пайда болады. Өткен жылы, мысалы, бөлу жолағы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша бөлшектелді. Бұл машиналар ағынын азайтуға мүмкіндік берді.

Сапасыз жөнделген және салынған жолдарды қабылдамаймыз. Мердігер өз есебінен қалпына келтіреді, ал жұмысына немқұрайлы қарайтын компаниялармен келісімшарттарды тоқтатамыз.

Өткен жылы 173-тен астам көшені, соның ішінде қаланың елді мекендеріндегі көшелерді жөндедік. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында 4 мыңнан астам жұмысшы орны құрылды», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109