1959

Елордада «Нұр-Сұлтан Барысы» жарысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеуі мақсатында «Нұр-Сұлтан Барысы» жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев және Қазақ күресі қауымдастығының бас директоры Абат Саматұлы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
 
«Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Кейінгі он жылда қазақ күресі Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, халықаралық аренаға шығып үлгерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Төл спортымыз – қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек», – деген тапсырмасы аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп, бүгінде ұлттық күресіміз әлемнің 50-60 мемлекетінде тамыр жайып, дамып отыр.

Құрметті спортшылар, ұлттық спортымызды дәріптеп, әлемге әйгілі ететін өздеріңіз. «Қазақстан-Барысы» турнирі жолдамасына бүгін шын мықтылар ие болады деген сенімдемін. Осы жарыста бәріңізге сәттілік тілеймін. Жарқын жеңістер көп болғай!Егемен еліміздің елдігін айқындайтын төл спортымыз қазақ күресі жасай берсін!» — деді Бақтияр Макен жарыс алдында.

Бабы келіскен 26 балуан бақ сынап, шілде айында елорадамыздың төрінде өтетін дүбірлі дода — «Қазақстан Барысы» туриниріне жолдаманы сарапқа салды. Тартысқа толы белдесулер нәтижесінде Олжас Шынкеев топ жарып, алтын белбеуді иеленді. Екінші орын Айбат Сейтенге бұйырса, үздік үштікті Нұрбек Досмұханбетов қорытындылады.

Жарыстың алтын және күміс жүлдесіне ие болған қос балуанымыз «Қазақстан Барысында» бас қаламыздың намысын қорғайтын болады.
 
«Балуандарымыздың дайындық деңгейі жақсы. Нұр-Сұлтан қаласының іріктеу жарысына 26 балуан қатысты. Соның ішінде екі балуан «Қазақстан Барысына» қатысуға мүмкіндік алады. Балуандарымызға үміт артамыз, үздік үштіктен көрінеді деп сенемін», — деді жарыстың бас төрешісі Аян Ерназаров.
 
Қола жүлдеге ие болған Нұрбек Досмұханбетов те қарсыластарының белдесуіне жоғары баға берді.

«Спортшылар жақсы дайындықта келген. Өздеріңіз көргендей қарсыласым да осал емес. Басты қарсыластарым — Айбат Сейтен, Олжас Шынкеев. Алда белдесулер бар, кім мықтыны әлі де анықтаймыз деп ойлаймын деді», — Нұрбек балуан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109