1735

Нұр-Сұлтанда 115 мыңнан астам адам COVID-19 вакцинасын алды

Елордада ресейлік «Спутникпен» және отандық «QazVac» вакцинасымен халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда COVID-19 вакцинасын 115 мыңнан астам адам алғанын мәлім етті. Оның ішінде қазақстандық вакцинаны 1 600-ге жуық адам алды.

Жұрт екпе алу үшін медициналық ұйымдарға да, егу пункттері ашылған қаланың СОО-ларына да кезекке тұрады. Жақында Байқоңыр ауданындағы тағы екі ірі сауда үйі — «Биг Шанхай» СО мен Орталық базарда егу орындары ұйымдастырылды. Өткен тәуліктің өзінде 1 700-ге жуық адам вакцинацияланды.

«Мамыр айының алғашқы мерекесінде тұрғындарды вакциналау қаланың сауда кешендері жанындағы пункттерде көбірек жүргізілгені байқалады. Өткен демалыс күндері егу пункттерінің саны артты. Енді «Биг Шанхай» СО мен Орталық базарда ашылды. Олар таңғы сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді», — деп мәлімдеді басқармада.

Басқарма қоймаларындағы вакцина дозасының саны туралы да хабарланды. Мәселен, 4 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның 20 мыңға жуық дозасы бар. Өткен демалыс күндері «Спутник-V» бірінші компонентінің тағы 5 мың дозасы жеткізілді.

Ведомствода атап өткендей, егу пункттері ашылған 7 сауда орталығының мәліметтеріне сәйкес, барлығы 9 600-ден астам адам вакцинацияланды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас-аяғы 115 мыңнан астам адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» СОО-ларында және «Биг Шанхай» сауда кешені мен Орталық базарда ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін қысқартылды, ал СОО үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады — сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109