2235

Елордада Сарыбұлақ өзенінің аумағы қоқыстан тазартылды

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "ЖасНұр" кәсіпорнымен бірлесе отырып, Қарасай батыр көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейінгі аумақта Сарыбұлақ өзенінің жағалауын, яғни 2,5 шақырымды қоқыстан тазарту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тазалау кезінде 70 қаптан аса қоқыс жиналды. Қоқыстың негізгі бөлігі тұрмыстық қалдықтар мен полимерлерден тұрады. Полимерлерге пластик, пластик пакеттер, бөтелкелер, тамақ контейнерлері, торт қаптамалары және т.б жатады. Полимер қоршаған ортаға және адамдарға зиян, оның ыдырамайтынын және тірі ағзаға зиян келтіретін улы зат шығаруға бейім екендігін айта кеткен жөн. Ол көбінесе бір реттік өнім ретінде қолданылады. Полимердің өртенуі тіптен зиян, себебі олардың құрамында 70-тен аса жоғары уытты және канцерогенді заттар бар.

Су беті мен оның аумағын қоқыстан тазарту экология мен қоршаған ортаны сақтаудың бір бөлігі болып саналады. Мұндай жұмыстар Есіл өзені мен Нұр-Сұлтан аумағындағы өзге де сағасында жүргізіліп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109