1933

Елордада 118 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцина алды

Қазіргі уақытта елорда стационарларында 1200-ден астам пациент коронавирустан емделіп жатыр. Инфекциялық төсектердің жүктемесі 61%-ды құрайды. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн-брифинг барысында КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу және жаппай вакцинациялау жұмыстары туралы айтып берді.

Қазір елордада КВИ жұқтырған науқастарды емдейтін 16 стационар жұмыс істейді, олардың төсек сыйымдылығы – 2 264 төсек.

5 мамырдағы жағдай бойынша 1 356 пациент инфекциялық стационарларда ем алуда, оның ішінде КВИ расталған — 1 235 адам, пневмониямен – 121 адам.

«Реанимацияда 103 пациент бар, оның ішінде 25 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Үй жағдайында шамамен 4 400 адам ем алады. Өткен тәулікте 4500-ден астам ПТР зерттеу алынды, оның ішінде 285 — алғашқы зертханалық расталған жағдай, 76 — қайталама жағдай. Пандемия кезеңінде барлығы 1 млн 300 мыңнан астам зерттеу жүргізілді», — деді Т.Мұратов.

Сонымен қатар, ол қауіпті вируспен күресудің ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. Бүгінде елордада 118 мыңнан астам адам вакцинацияланды.

«5 мамырдағы жағдай бойынша ресейлік "Спутник-V" вакцинасының 30 мыңнан астам дозасы, отандық вакцинаның шамамен 1000 дозасы бар. "Спутник-V" вакцинасының тағы 15 мыңнан астам дозасы жеткізіледі деп күтіліп отыр», — деді ведомство басшысы.

Ол сондай-ақ, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша егу пункттері тек МСАК мекемелерінде ғана емес, "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк" СОО-лары секілді ірі сауда орталықтарында да ашылғанын еске салды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін.

«Өткен демалыс күндері біз "Биг Шанхай " сауда кешенінде және Орталық базарда вакцинация пункттерін ұйымдастырдық. Сауда орталықтарында мұндай пункттерді ұйымдастыру халық арасындағы сұранысты көрсетеді. Қазіргі уақытта сауда кешендеріндегі вакцинация пункттерінде 10 мыңнан астам адам егілді.

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, басқармамен көшпелі бригадалар ұйымдастырылды, олар еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау жұмысын жалғастыруда. Түрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға дейін жетеді», — деп қорытындылады спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109