1794

COVID-19 жұқтырған науқастардың 45%-ы адам көп жиналатын орындарға бірнеше рет барған — санитарлық дәрігер

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын шектеу шаралары мен санитарлық нормаларды, сондай-ақ үй карантині талаптарын толықтай сақтауға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Эпиданамнезде науқастардың 45%-ы адам көп жиналатын орындарға (сауда-ойын орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері және т.б.) бірнеше рет барған, науқастардың 1%-ы бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, кештер, еске алу және т.б.) өткізуге қатысқанын, ал 32%-ы үй ошағында сақтық шараларын сақтамаған», — деп хабарлады Сархат Бейсенова.

Ол амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да шектеу шаралары мен карантинді сақтамауы коронавирустық инфекция жағдайларын тіркеудің негізгі себебі болып қала беретінін атап өтті.

5 сәуір мен 4 мамыр аралығында «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін объектілерде 880 үй карантинін бұзушы анықталды, оның ішінде 414 — науқас және 466 — байланыста болған адам.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. "Қызыл" немесе "сары" статусы бар тұрғындар COVID-19 тасымалдаушылары бола отырып, мегаполистің қоғамдық орындарында жүріп, иммунитеті төмен, қарттар мен балалар, сондай-ақ басқа да қауіп тобындағы адамдарға жұқтырады. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл» аймақта болу кезеңін ұзартып, COVID-19 бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуіне әсер етуде. Осы себепті қала тұрғындарына, әсіресе үй карантиніндегі адамдарға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне айтарым, барлық шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді сақтаңыздар, бұл инфекцияның таралуын төмендетуге және ауру қаупін азайтуға мүмкіндік береді», — деді Сархат Бейсенова қала тұрғындарына.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109