2171

Елорданың сауда орталықтарында вакцинация қалай жүргізіледі?

Елорда тұрғындары өз емханаларында да, сауда орталықтарында да орналасқан егу пунктерінде белсенді түрде вакцина қабылдап жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары сауда орталықтарындағы егу пункттерінде медицина қызметкерлерінің сыпайылығын, жылы қарым-қатынасын айрықша атап өтті.

«Қазір кезек жоқ, өте ыңғайлы. Дәрігерлер бізді жылы қарсы алады. Бәрін мұқият түсіндіреді. Вакцина қабылдаған дұрыс деп есептеймін. Өзгелерден жұқтырып алмауымыз әрі өзгелерге жұқтырмауымыз керек. Өз денсаулығымызға өзіміз көңіл бөлуіміз қажет», - деп атап өтті елорда тұрғыны Ләтипә Әнуархан.

Астаналық Мақсұт Байжанов сауда орталығындағы егу пункті емханаға қарағанда жақын болғанын, бұл өте ыңғайлы екенін және уақытын үнемдегенін атап өтті.

«Маған «Мегада» да, «Хан Шатырда» да вакцина алуға болады деп айтты. Жұмысымнан шығып, үйіме қайтар тұста жолымда болғандықтан вакцина қабылдауға келіп отырмын», - деді ол.

Елордалық Әсет ата-анасына алаңдағандықтан вакцинацияланды.

«Қарт ата-анам бар. Өзім ауырып, артынша ол кісілерге жұқтырғым келмейді. Сол себепті вакцинацияны қажет деп санадым», - деді ол.

Рүстем Қаражанов та вакцинаны сауда орталығында орналасқан пунктте алды:

«Бүгін вакцинаның бірінші компонентін алдым, өзімді жақсы сезінемін. 21 күннен кейін екінші компонентін алуға келемін. Менің ойымша, вакцинациялау – біздің парызымыз. Туыстарым да вакцина алды. Бәрі өздерін қалыпты сезінеді», - деді елорда тұрғыны.

Нұргүл Молдабайқызы вакцинация азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажет деп санайды.

«Вакцина денсаулық үшін ғана емес, адам өмірін сақтау үшін де қажет. Сондықтан бізге осындай мүмкіндік бергені үшін мемлекетке үлкен алғыс білдіргім келеді», – деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ге қарсы вакцина алуға болатын 100-ден астам егу пункт жұмыс істейді: МСАК мекемелерінде және қаланың «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр» «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» секілді СОО-ларында. Жұмыс кестесі: сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109