2431

Елордада бір топ өнер жұлдызы вакцина қабылдады

Елордадағы Абу-Даби Плаза сауда орталығындағы вакциналау бекетінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театрының бір топ әртісі вакцина алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы Абу-Даби Плаза сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бүгін солардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театрының ұжымы да бар.

«Абу-Даби Плаза» сауда, ойын-сауық орталығына вакцина салдыруға әріптестерімізбен келдік. Спутик-V вакцинасын алуды ұйғардық. Біз көрермендермен тікелей жұмыс істейміз. Халықтың ортасында жүреміз. Сондықтан әртістер мен өнер адамдарына бірінші кезекте сақтану керек. Жан мен тәнді ауыртатындай ешнәрсе көрмедім. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Қазіргі кезеңде өркениетті елдердің көпшілігі, әсіресе Израиль, АҚШ, Еуропа мемлекеттерінің көпшлігі вакцина алуда алға шығып жатыр. Өз кезегінде мен отандастарымды вакцина салдыруға шақырғым келеді. Өткен ғасырдың басында да осындай нәубетті кезеңдер болған. Содан адамзат баласы небір вакцина ойлап тауып, жеңіп отырған. Менің ұғымымда ұлтты, мемлекетті сақтаудың бірден-бір жолы – вакцина алу. Өзім бір жыл бұрын осы коронавируспен қатты ауырып жазылғанмын. Сондықтан, биыл екінші рет қайталанбауы үшін екпе салдырып отырмын», — деді А.Маемиров.

Осы театрдың жетекші актері Асылхан Төлепов те «Спутник V» вакцинасын салдырды.

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Өзім таңдау жасап вакцина салдырайын деп шештім. Әр адамға денсаулық керек. Өзімізбен қатар өзгелерді ойлау маңызды. Біреуге сын айтпас бұрын әркім өзінен бастау қажет. Отбасымда ең бірінші болып вакцинаны мен қабылдадым. Менің таңдауым — Спутник-V вакцинасы болды. Дәрігерлер бәрін түсіндірді. Сақтық шараларының бәрін қатаң сақтаймын. Вакцина алдым екен деп бетпердені шешуге болмайды», — деді Асылхан Төлепов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109