1922

Елордадағы емханалардың бірінде психологиялық тренингтер ұйымдастыру орталығы ашылды

№14 қалалық емханада ресурстық орталық негізінде ата-аналар үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру орталығы және босануға дайындық мектебі ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ресурстық орталықтың міндеттері – сәбиді 6 айынан бастап қосымша тамақтандыру жолдарына дұрыс үйрету, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес саналы ата-ана ұғымын қалыптастыру мақсатында ата-аналар үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру.

«Босануға дайындық мектебі» қызметінің негізгі бағыттары: жүкті әйелдерді босану техникасына оқыту, әкелері мен жақындарын бала тууға және босануға психологиялық тұрғыда дайындау, ана болуды үйрету, жүктілік кезінде әйел ағзасының анатомиясы мен физиологиясы бойынша танымдық тренинг өткізу.

«Мұндай кабинеттер салауатты қоғамның негізі ретінде «саналы ата-ана» қағидатын үйретуге жәрдемдеседі. Осындай кабинеттердің бізде ашылғанына қуаныштымыз», - дейді №14 емхананың директоры Ерлан Мусенов.

Аталған іс-шара Іскер әйелдер кеңесінің және «Ақниет» қайырымдылық қорының қолдауымен өтті.

Мұндай орталықтар 2020 жылдан бастап басқа қалалық емханаларда да ашылып келеді. Олардың әрқайсысында консультациялар, әңгімелер және оқыту шеберлік сыныптары өтеді. Демеушілер кабинеттерді қажетті жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, тұрмыстық техникамен, ойыншықтармен, ерте жастағы балалардың танымдық саласын дамытуға арналған заттармен және қолдың ұсақ моторикасымен жабдықтауды жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109