2236

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінде қалдықтарды бөлек жинау бағдарламасы іске асырылуда

Нұр-Сұлтан қаласының «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығаратын ұйымымен бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан елордада қалдықтарды бөлек жинауды насихаттай бастады. Ол түрлі іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыруды қамтиды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта елорданың тұрғын үй кешендерінде «Менің жасыл үйім» жобасы жүзеге асырылуда. Оның жұмысы келесідей:

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары қалдықтарды бөлетін серіктестікке жүгінеді. Серіктестік қайталама шикізат үшін сары торлар/контейнерлер (ТК жанындағы контейнерлік алаңның болуына байланысты) орнатады. Бұдан әрі барлық ТК бойынша қалдықтардың қандай түрлері қайта өңдеуге жататыны туралы нұсқаулықтары бар плакаттар жапсырылады. Үйде қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігі жайлы видео тұрғындардың чатына жіберіледі. Оффлайн немесе онлайн форматта таңдау үшін қосымша оқыту жүргізуге болады. Оқытуды эко-жаттықтырушы, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің амбассадоры Мәриям Қасымова жүргізеді.

Жоба бірнеше тұрғын үй кешенінде, соның ішінде «Sensata Park», «Мәңгілік», «Австриялық квартал» тұрғын үй кешендерінде енгізілді.

Қазір тағы бірнеше тұрғын үй кешеніне қосу жүріп жатыр.

Осы жобаны іске асыру қалдықтарды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, сұрыптау деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтарда экоәдет қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109